Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 11.03.2024 № 163 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50-бабына сәйкес, Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Темір аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 маусымдағы № 110 "Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5599 тіркелген, 2017 жылы 25 шілдеде "Темір" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен айқындалған Темір ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерінде және тәртібінде:
3, 4, 5 және 7 тармақтар келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
4. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб–порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
5. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб–порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
7. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырылады.";
9 тармақ келесідей мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Ереженің 10-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстарын растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстардың шоттарын ғана ұсынады.".
2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
Е. БАЛБОСЫНОВ |
Темір аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Избасов |