Қайыңды ауылдық округінің Бабатай ауылы аумағына карантин белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайынды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 22 қаңтарда № 6776 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің 26.03.2020 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Темір аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 2-14-17/15 ұсынысы негізінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі Бабатай ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.

      2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қайыңды ауылдық округінің әкімі
      Р. Рашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады