Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылдық округі әкімінің 23.12.2020 № 20 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Темір аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бас инспекторының 2020 жылғы 24 тамыздағы № 2-14-07/286 ұсынысы негізінде Тасқопа ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Тасқопа ауылдық округі Тасқопа ауылы Жаңабаз қыстағында орналасқан "Айбол" шаруа қожалығының аумағына шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақтөбе облысы Темір ауданы Тасқопа ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тасқопа ауылдық округінің әкімі | М. Кожакова |