Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277 "Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 380 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 наурызда № 6892 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 тамыздағы № 76 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 31.08.2023 № 76 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 277 "Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4724 тіркелген, 2016 жылғы 26 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ойыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      8 тармақ келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3 500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерiнде.".

      12 тармақта:

      1) тармақшасында:

      "100 000 (жүз мың)" сандары мен сөздері "500 000 (бес жүз мың)" сандарымен және сөздерімен ауыстырылсын;

      2) тармақшасында:

      "50 000 (елу мың)" сандары мен сөздері "100 000 (жүз мың)" сандарымен және сөздерімен ауыстырылсын;

      3) тармақшасында:

      "30 000 (отыз мың)" сандары мен сөздері "50 000 (елу мың)" сандарымен және сөздерімен ауыстырылсын;

      4) тармақшасында:

      "15 000 (он бес мың)" сандары мен сөздері "30 000 (отыз мың)" сандарымен және сөздерімен ауыстырылсын;

      5) тармақшасында:

      "25 000 (жиырма бес мың)" сандары мен сөздері "50 000 (елу мың)" сандарымен және сөздерімен ауыстырылсын;

      6) тармақшасында:

      "25 000 (жиырма бес мың)" сандары мен сөздері "30 000 (отыз мың)" сандарымен және сөздерімен ауыстырылсын;

      15 тармақта:

      2) тармақша алынып тасталсын;

      3 бөлім келесі мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.".

      2. "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы С. Нурбаев
      Ойыл аудандық
мәслихатының хатшысы
Е. Жиеналин
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Ақтөбе облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б. Елеусінова
      "_____" _______________ 2020 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады