Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 133 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 тамызда № 7346 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 21.01.2022 № 8 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін пайдалану үшін, Ойыл ауданы аумағында орналасқан "Қобда-Ойыл" учаскесінде 66,3027 гектар, "Ойыл-Қараой" учаскесінде 63,2403 гектар, жалпы көлемі 129,543 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 48 (қырық сегіз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментіне мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауданының әкімі А. Казыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады