Ойыл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 25 тамыздағы № 133 "Қоғамдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 8 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 қаңтарда № 26626 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ойыл ауданы әкімдігінің "Қоғамдық сервитут белгілеу туралы" 2020 жылғы 25 тамыздағы № 133 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7346 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ойыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауданының әкімі А. Казыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады