Шектеу іс-шараларын алу және Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 12 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 қарашада № 7631 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 13 шілдедегі № 15-4/578 ұсынысы негізінде, Қызылсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Хромтау ауданының Қызылсу ауылдық округінде орналасқан "Chromtau Beef" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7133 тіркелген, 2020 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Қызылсу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі А. Кушмагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады