Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округі әкімінің 07.07.2020 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2019 жылғы 21 қарашадағы № 15-4/1289 ұысынысы негізінде, Тасөткел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Хромтау ауданының Тасөткел ауылдық округі Ақтасты ауылында орналасқан "Ақтасты" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Тасөткел ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Хромтау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ауылдық округ әкімі |
А. Сейтмаганбетов |