Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы, Мөңке би ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 6296,2 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "Казхром" Трансұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау үшін, 2024 жылдың аяғына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуты белгіленсін.
2. "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауданының әкімі | Б. Каниев |