Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 194 "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 наурыздағы № 444 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 наурызда № 6886 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 194 "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-183 тіркелген, 2018 жылғы 12 сәуірде "Шалқар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
Ж. Утегенов
      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады