Қауымдық сервитутін белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 119 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 мамырда № 7131 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, "Казхром" Трансұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамымен пайдалы қазбаларды барлау үшін жер учаскелерді жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2025 жылдың 22 шілдесіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      2. "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Б. Каниев

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 119 қаулысына қосымша

"Казхром" Трансұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамымен пайдалы қатты қазбаларды барлау үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелері

Жер пайдаланушылардың атауы

Жалпы алаңы (гектар)

Кадастр нөмірі

Жер учаскесiнiң орналасқан жерi

1

"Сәрсенғали" шаруа қожалығы

5000

02-035-017-094

Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылдық округі

2

"Энергосистема" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

0,1056
0,4723

02-035-025-040
02-035-025-050

3

"Қаратоғай" Машина-технологиялық стансасы" өндірістік кооперативі

580

02-035-017-030

4

"Қиюбек" шаруа қожалығы

8,012

02-035-017-004

5

"Ырғыз аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі

19,86
5,03

02-035-026-330
02-035-026-483


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады