Шалқар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 256 "Шалқар ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жайларды беру туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 284 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 қарашада № 7634 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 256 "Шалқар ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жайларды беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5189 тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда "Шалқар" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шалқар аудандық әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов
      КЕЛІСІЛДІ:
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
С. Құлбергенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады