Шалқар ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй - жайларды беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 256 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қаңтарда № 5189 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 қарашадағы № 284 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 11.11.2020 № 284 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына сәйкес Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар ауданының аумағында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй – жайлар осы қаулының қосымшасына сәйкес берілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Бурамбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Қаниев
      Келісілді:
аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы
С. Кунтлеуова

  Шалқар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 желтоқсандағы № 256 қаулысына қосымша

Шалқар ауданында кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй – жайлар

Қала, ауылдық округ атаулары

Сайлаушылармен кездесуі үшін үй – жайлардың орналасқан мекенжайы

1

Қауылжыр ауылдық округі

Қауылжыр ауылының, Есет батыр көшесі, 17 үй бойынша орналасқан "Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қауылжыр ауылдық клубының ғимаратында

2

Бозой ауылдық округі

Бозой ауылының, Ұран Бақтыбай көшесі, 21 үй бойынша орналасқан "Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Бозой ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында

Қаңбақты ауылының, Желтоқсан көшесі, 1 үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "Аяққұм негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

3

Кішіқұм ауылдық округі

Шілікті ауылының, Сарысеппен көшесі, 2 үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "Тоғыз орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Қарашоқат стансасының, Теміржолшылар көшесі, 13 үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "Қарашоқат орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Шоқысу стансасының, Теміржолшылар көшесі, 5 үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "Шоқысу негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

4

Шетырғыз ауылдық округі

Шетырғыз ауылының, М.Айтасов көшесі, 24 үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "Қаратоғай орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Тұмалыкөл ауылының, Тәуелсіздік көшесі, 3а үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "М. Орынбасаров атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

5

Мөңке би ауылдық округі

Мөңке би ауылының, Мөңке би көшесі, 22 үй бойынша орналасқан "Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Мөңке би ауылдық клубының ғимаратында

6

Біршоғыр ауылдық округі

Біршоғыр стансасының, А.П.Тихонов көшесі, 3 үй бойынша орналасқан "Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Біршоғыр ауылдық клубының ғимаратында

7

Жаңақоныс ауылдық округі

Аққайтым ауылының, Достық көшесі, үй 1 бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "Жаңақоныс орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Қопасор ауылының, Қопасор көшесі 25 үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "Қызылту негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

8

Айшуақ ауылдық округі

Бегімбет ауылының, Қарағұл батыр көшесі, 16 үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "Б. Сүлейменов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Есет ауылының, Ордақонған көшесі, 30 үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "Сарыбұлақ негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

9

Есет-Көтібарұлы ауылдық округі

Байқадам ауылының, Ә.Молдағұлова көшесі, 8 үй бойынша орналасқан "Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Байқадам ауылдық мәдениет үйінің ғимаратында

10

Ақтоғай ауылдық округі

Қотыртас ауылының, Мектеп көшесі, 1 үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "Ақтоғай орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

11

Тоғыз ауылдық округі

Тоғыз ауылының, Толағай көшесі, 4А үй бойынша орналасқан "Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Тоғыз ауылдық клубының ғимаратында

Көпмола стансасының, Теміржолшылар көшесі, 4 үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "№ 36 бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

Жылан стансасында, 21 үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "№ 33 бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

12

Шалқар ауылдық округі

Жылтыр ауылының, Дамбар көшесі, 12 үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "Т.Шанов атындағы орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратында

13

Шалқар қаласы

Шалқар қаласының, М.Мамедова көшесі, 24 үй бойынша орналасқан Шалқар аудандық білім бөлімінің "№ 1 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады