Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 5 қарашадағы № 16-8/148, № 16-8/149, № 16-8/150 ұсыныстары негізінде, Шетырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты Шетырғыз ауылдық округінің келесі аумақтарында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын:
1) "Қуаныш" және "Елеукен" шаруа қожалықтарының,
2) Тұмалыкөл ауылының Тәуелсіздік көшесінде орналасқан № 14, № 16 үйлер және Достық көшесінде орналасқан № 5 үй аумағындағы.
2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Шетырғыз ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шетырғыз ауылдық округінің әкімі | Ж. Табынбеков |
Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № 15 шешіміне қосымша |
Күші жойылды деп танылатын Шетырғыз ауылдық округі әкімінің кейбір шешімдерінің тізбесі
1) 2020 жылғы 19 маусымдағы № 7 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7208 болып тіркелген, 2020 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) 2020 жылғы 26 маусымдағы № 8 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7225 болып тіркелген, 2020 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3) 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 11 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7399 болып тіркелген, 2020 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).