Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 13 ақпандағы № 56 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 17 ақпанда № 5423 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Б. Байжұмановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің қаулысына қосымша

Алматы облысы әкімдігінің күштері жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Алматы облысы әкімдігінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4518 тіркелген, 2018 жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

      2. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 10 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2019 жылғы 29 наурыздағы № 105 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5085 тіркелген, 2019 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

      3. Алматы облысы әкімдігінің "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" 2018 жылғы 1 наурыздағы № 81 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4578 тіркелген, 2018 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

      4. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 81 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 29 наурыздағы № 104 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5084 тіркелген, 2019 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

      5. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 наурыздағы "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 81 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 3 желтоқсандағы № 547 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5317 тіркелген, 2019 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

      6. Алматы облысы әкімдігінің "Тұрғын үй құрылысы саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 611 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5046 тіркелген, 2019 жылдың 7 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады