Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 26.04.2021 № 164 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17583 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 171 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5125 тіркелген, 2019 жылдың 8 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 171 қаулысына қосымша |
Ескерту. Қосымша жаңа редакйияда – Алматы облысы әкімдігінің 30.11.2020 № 445 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемі
№ | Субсидияланатын балық түрі | Өлшем бірлігі | 1(бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын азық шығынының нормативі (кг) | Балық азығының 1(бір) кг үшін тиесілі субсидиялар сомасы (теңге) | Субсидияланатын көлемі (тонна) |
Шығыны | Субсидиялар сомасы (мың.теңге) |
1 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | кг | 1,2 | 270 | 335,5 | 30 | 32 617 |
2 | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары | кг | 1,5 | 285 | 39,7 | 30 | 5 095 |
3 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары | кг | 4,0 | 105 | - | 30 | - |
Барлығы | 375,2 | 37 712 |