"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17583 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы әкімдігінің "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 171 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5484 тіркелген, 2020 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің қаулысына қосымша 2020 жылғы 30 қарашасы № 445 | |
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы "16" сәуірдегі № 171 қаулысына қосымша |
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемі
№ | Субсидияланатын балық түрі | Өлшем бірлігі | 1(бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын азық шығынының нормативі (кг) | Балық азығының 1(бір) кг үшін тиесілі субсидиялар сомасы (теңге) | Субсидияланатын көлемі (тонна) |
Шығыны | Субсидиялар сомасы (мың.теңге) |
1 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | кг | 1,2 | 270 | 335,5 | 30 | 32 617 |
2 | Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары | кг | 1,5 | 285 | 39,7 | 30 | 5 095 |
3 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары | кг | 4,0 | 105 | - | 30 | - |
Барлығы | 375,2 | 37 712 |