"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы бойынша 2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша бекітілсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулыларының:
1) "Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 132 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5108 тіркелген, 2019 жылдың 19 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2) "Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі "Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы" № 132 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 1 шілдедегі № 268 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5201 тіркелген, 2019 жылдың 12 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Бескемпіровке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
2020 жылғы 12 мамыры № 198 қаулысына қосымша |
Алматы облысы бойынша 2020 жылға тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша
мың.теңге
Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға қажет етілетін ақшалай қаражат | соның ішінде: | ||||
бірегей тұқым | элиталық тұқым | бірінші репродукция тұқымдары | бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары | элиталық көшеттер | |
| 2 646,0 | 129 531,4 | 137 887,0 | 740 624,8 | 656 510,8 |