Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" № 92 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі № 346 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 21 қыркүйекте № 5664 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімдігінің 26.02.2020 № 75 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы әкімдігінің "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" 2020 жылғы 11 наурызындағы № 92 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5434 тіркелген, 2020 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын;

      осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

      2. "Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің қаулысына 1-қосымша
  Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы "11" наурыздағы № 92 қаулысына 1-қосымша

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы
(мың теңге)

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

121 937

1 219 370,0

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

43 000

860 000,0

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/шағылыстыру маусымы

1 400

140 000,0

3.

Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

сатып алынған бас

3 740

561 000,0

4.

Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу

1 853

416 925,0

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды бұқасының ұрығын сатып алу

1.1

бір жынысты

сатып алынған доза

2 177

21 766,0

1.2

қос жынысты

2 884

14 420,0

2.

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу

2.1

отандық немесе ТМД елдерінен әкелінген шетелдік

сатып алынған бас

750

112 500,0

2.2

Аустралия, АҚШ, Канада және Еуропа елдерінен әкелінген

947

213 075,0

3.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

ұрықтандырылған бас/шағылысу маусымы

69 866

349 330,0

4.

Сүтті және сүтті-етті бағыттағы аналық басының және толықтыратын мал басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату

бас

11 655

1 398 600,0

Етті құс шаруашылығы

1.

Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

362 120

217 272,0

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу

сатып алынған бас

796 913

47 815,0

Шошқа шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды шошқалар сатып алу

сатып алынған бас

334

46 760,0

2.

Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу

бас/шағылысу маусымы

6 591

263 640,0

Қой шаруашылығы

1.

Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау

ұрықтандырылған бас/ шағылысу маусымы

192 235

192 235

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

2.1

Қойлардың тауарлық аналық басы

бас/ шағылысу
маусымы

155 561

233 342

3.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу

сатып алынған бас

15 578

124 624

Жылқы шаруашылығы

1.

Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу

сатып алынған бас

59

5 900,0

Балара шаруашылығы

1.

Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

балара ұясы/маусым

8 500

42 500,0

Барлығы

6 481 074,0

 
  Алматы облысы әкімдігінің қаулысына 2-қосымша
  Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы "11" наурыздағы № 92 қаулысына 2-қосымша

Мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын
көлем

Субсидиялар сомасы
(мың теңге)

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату

тiрiдей салмағы, килограмм

1 449,9

289 977,6

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүт өндіру құнын арзандату:

41 502,4

1 074 240,6

1.1

бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық

Өткізілген немесе өңделген килограмм

23 192,4

811 735,3

1.2

бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық

7 940,6

158 812,0

1.3

бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

6 527,5

65 274,7

1.4

Ауыл шаруашылығы кооперативі

3 841,9

38 418,6

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату

50 355,0

3 938 112,4

1.1

15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген немесе өңделген килограмм

46 418,1

3 713 446,8

1.2

5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

2 782,1

166 925,5

1.3

2 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

1 154,8

57 740,1

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату

94 768,9

246 734,5

1.1

200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген дана

31 300,0

93 900,0

1.2

150 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

19 890,0

53 703,0

1.3

100 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

10 859,6

27 149,1

1.4

50 миллион данадан басталатын нақты өндіріс

32 719,3

71 982,4

Қой шаруашылығы

1.

Қозы өткізу құнын арзандату

өткізілген бас

6 000

18 000,0

2.

Өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн құнын арзандату



2.1

сапасы 60-тан басталатын жүн

өткізілген немесе өңделген килограмм

134,0

20 100,0

Жылқы шаруашылығы

1.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

4 425,0

265 499,0

Түйе шаруашылығы

1.

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

894,5

49 198,6

Барлығы

5 901 863,0

 
  Алматы облысы әкімдігінің қаулысына 3-қосымша
  Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы "17" маусымдағы № 251 қаулысына 3-қосымша

Республикалық бюджет қаражаты есебінен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы
(мың теңге)

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру
маусымы

21 775

217 750,0

1.2

Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы

2 400

48 000,0

2.

Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

сатып алынған бас

2 140

321 000,0

3.

Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу

387

87 075,0

Барлығы

673 825,0


  Алматы облысы әкімдігінің қаулысына 4-қосымша

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 229 бұйрығынан кейін асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы
(мың теңге)

Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1.1

Ірі қара малдың тауарлық аналық басы

бас/шағылыстыру маусымы

10 000

100 000,0

2.

Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

бас/шағылыстыру маусымы

370

37 000,0

3.

Етті, етті-сүтті тұқымдардың отандық асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу

сатып алынған бас

220

33 000,0

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Сүт өндіру құнын арзандату:

4 720,0

94 400,0

1.1

бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық

өткізілген
немесе өңделген килограмм

2 510,0

50 200,0

1.2

Ауыл шаруашылығы кооперативі

2 210,0

44 200,0

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату:

10 377,8

751 725,0

1.1

15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген килограмм

6 927,8

554 225,0

1.2

5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

2 500,0

150 000,0

1.3

500 тоннадан басталатын нақты өндіріс

950,0

47 500,0

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1.1

Қойлардың асыл тұқымды аналық басы

бас/шағылысу маусымы

132 000

528 000,0

1.2

Қойлардың тауарлық аналық басы

484 850

1 212 125,0

2.

Импортталған асыл тұқымды тұқымдық қошқарлар сатып алу

сатып алынған бас

330

49 500,0

3.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін пайдаланылатын асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп-бағу

бас/шағылысу маусымы

2 500

25 000,0

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

1.

Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

500,0

30 000,0

2.

Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату

килограмм

450,4

24 772,0

Барлығы

2 885 522,0

Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 шілдедегі № 229 бұйрығынан кейін асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидиялар сомасы
(мың теңге)

Қой шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:

1.1

Қойлардың тауарлық аналық басы

бас/ шағылысу маусымы

80 000

200 000,0

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату:

1.1

15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс

өткізілген килограмм

1 577,2

126 175,0

Барлығы


326 175,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады