"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағы 8) тармақшасына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2020-2021 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. "Алматы облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі 2020-2021 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары Р. Алиге жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
2020 жылғы 15 қазандағы № 379 қаулысымен бекітілген 2020-2021 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы |
№ | Даярлау бағытының коды және атауы | Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі | Білім беру бағдарламалар тобының атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі |
Жоғары білім беру - бакалавриатта даярлау бағыты | ||||
1 | 6B011 Педагогика және психология | В001 | Педагогика және психология | 8 |
2 | 6В012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы | В002 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | 8 |
3 | 6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау | В003 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | 12 |
4 | 6В014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау | В004 | Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау | 5 |
5 | В005 | Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау | 19 | |
6 | В006 | Музыка мұғалімдерін даярлау | 4 | |
7 | В007 | Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау | 4 | |
8 | 6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау | В009 | Математика мұғалімдерін даярлау | 6 |
9 | В010 | Физика мұғалімдерін даярлау | 5 | |
10 | В012 | Химия мұғалімдерін даярлау | 11 | |
11 | В013 | Биология мұғалімдерін даярлау | 10 | |
12 | В014 | География мұғалімдерін даярлау | 11 | |
13 | 6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау | В016 | Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 5 |
14 | В017 | Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | 12 | |
15 | В018 | Шет тілі мұғалімдерін даярлау | 13 | |
16 | 6В019 Арнайы педагогика | В020 | Арнайы педагогика | 8 |
17 | 6В021 Өнер | В021 | Орындаушылық өнер | 2 |
18 | В031 | Сән, дизайн | 5 | |
19 | 6B022 Гуманитарлық ғылымдар | В033 | Дінтану және теология | 10 |
20 | 6B023 Тілдер және әдебиет | В036 | Аударма ісі | 3 |
21 | 6В032 Журналистика және ақпарат | В042 | Журналистика және репортер ісі | 3 |
22 | 6B042 Құқық | В049 | Құқық | 7 |
23 | 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар | В050 | Биологиялық және сабақтас ғылымдар | 7 |
24 | 6B061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар | В057 | Ақпараттық технологиялар | 14 |
25 | 6B071 Инженерия және инженерлік іс | В060 | Химиялық инженерия және процестер | 7 |
26 | В063 | Электр техникасы және автоматтандыру | 7 | |
27 | В064 | Механика және металл өңдеу | 7 | |
28 | 6B072 Өндірістік және өңдеу салалары | В068 | Азық-түлік өнімдерінің өндірісі | 7 |
29 | 6B073 Сәулет және құрылыс | В073 | Сәулет | 4 |
30 | В075 | Кадастр және жерге орналастыру | 3 | |
31 | 6B081 Агрономия | В077 | Өсімдік шаруашылығы | 5 |
32 | 6В091 Ветеринария | В083 | Ветеринария | 2 |
33 | 6В0101 Денсаулық сақтау | В086 | Жалпы медицина | 20 |
34 | 6B112 Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау | В094 |
Санитарлық-профилактикалық | 6 |
Барлығы: | 260 |