Талдықорған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 424 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 16 қыркүйекте № 5659 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талдықорған қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      "Талдықорған қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 26 ақпандағы № 209 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2625 тіркелген, 2014 жылдың 09 сәуірінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      "Талдықорған қалалық мәслихатының 2014 жылғы 26 ақпандағы "Талдықорған қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 209 шешіміне толықтыру енгізу туралы" 2014 жылғы 02 маусымдағы № 239 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2743 тіркелген, 2014 жылдың 20 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Тимур Қапасұлы Бигужановке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Талдықорған қалалық
      мәслихатының сессия төрағасы М. Доскалиев
      Талдықорған қалалық
      мәслихатының хатшысы Т. Ахажан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады