"Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес, сонымен қатар ақша қаражатының көлеңкелі айналымын болдырмау және салықтар мен міндетті төлемдер түріндегі ақша қаражаттарының түсімін ұлғайту, жолаушылар тарапынан Талдықорған қаласының қоғамдық көлігінде қолма-қол ақшасыз жолақысын төлеу әдісінің тартымдылығын арттыру мақсатында, Талдықорған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Талдықорған қаласы аумағында жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланған тарифі келесі мөлшерде белгіленсін:
жол ақысын ұялы байланыс операторының көрсетілетін қызметтері арқылы немесе электрондық жол жүру картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 80 (сексен) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 120 (жүз жиырма) теңге.
2. Электрондық жол ақы төлеу жүйесі жарамсыз болған жағдайда, көлік карталары арқылы төлемді жүзеге асыратын жолаушылар тегін жол жүру құқығына ие болады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары С. А. Байназаровқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Г. Абдраймов |