Ырғайты ауылдық округінің Ақши ауылындағы жаңа көшелеріне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 17 ақпанда № 5424 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, тиісті аумақтық халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде, Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ырғайты ауылдық округінің Ақши ауылындағы жаңа көшелеріне "Қабанбай батыр", "Жетісу", "Ілияс Жансүгіров", "Тәуелсіздік", "Балғынды", "Алатау", "Алакөл", "Белқұдық", "Жерұйық" атаулары берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Д. Мукабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады