Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 ақпандағы № 24-9 "Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 маусымдағы № 63-181 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 26 маусымда № 5550 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № VIII-8-41 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 13.10.2023 № VIII-8-41 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 23 ақпандағы № 24-9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4583 тіркелген, 2018 жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      4-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:

      "4. "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 17-бабына және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";

      6-тармақтың 1) және 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;";

      "4) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.";

      7-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 400 айлық есептік көрсеткіш;";

      "5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш;";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар – 5 айлық есептік көрсеткіш.";

      7-тармақтың екінші абзацының 2) және 3) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:

      "2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;";

      "3) осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшаcын есептемегенде, облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінде бір еселік қатынас шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.";

      11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының сессия төрағасы Г. Мухтарова
      Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы Б. Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады