Энергетический ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Энергетический ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 9 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 27 қазанда № 5718 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Энергетический ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 8 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Іле ауданы Энергетический ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Энергетический ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:

      1) Покровка ауылындағы "ДЭУ-536" көшесі "Құрманғазы" көшесіне, "КАМО" көшесі "Доспамбет жырау" көшесіне, "Киров" көшесі "Ақтамберді жырау" көшесіне, "Комаров" көшесі "Қожаберген жырау" көшесіне, "Комсомольская" көшесі "Кенесары хан" көшесіне, "Космический" көшесі "Асанқайғы жырау" көшесіне, "Овражный" көшесі "Үмбетей жырау" көшесіне, "Степная" көшесі "Сүйінбай жырау" көшесіне, "Яблочная" көшесі "Біржан сал" көшесіне, "Алматинская" көшесі "Алматы" көшесіне;

      2) "Арман" ықшам ауданындағы "Озерная" көшесі "Қасым хан" көшесіне, "Центральная" көшесі "Жәнібек хан" көшесіне, "Школьная" көшесі "Есім хан" көшесіне, "Мир" көшесі "Керей хан" көшесіне;

      3) "Гүлдер" ықшам ауданындағы "Новая" көшесі "Исатай батыр" көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Энергетикалық ауылдық округ әкімі Б. Жумабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады