Қарасай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 11-3 "Қарасай ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 55-6 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 1 шілдеде № 5552 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасай аудандық мәслихатының "Қарасай ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 11-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4089 тіркелген, 2017 жылдың 07 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы К. Абильбековке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай аудандық мәслихатының сессия төрағасы А. Исаева
      Қарасай аудандық мәслихатының хатшысы А. Кошкимбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады