Кербұлақ аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 56-333 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 6 мамырда № 5519 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кербұлақ аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Кербұлақ ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 05 сәуірдегі № 02-17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3790 тіркелген, 2016 жылғы 03 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Кербұлақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 05 сәуірдегі "Кербұлақ ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" № 02-17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 17 маусымдағы № 05-35 (Нормативтік құықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3894 тіркелген, 2016 жылғы 01 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. Осы шешімнің орындауын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Ракимбекова Гулмира Абдигалиевнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ аудандық мәслихатының
      сессия төрайымы Ж. Садыкова
      Кербұлақ аудандық мәслихатының
      хатшысы Б. Рысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады