Кербұлақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 05 сәуірдегі "Кербұлақ ауданындағы аз қамтылған отбасыларға азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" № 02-17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 05-35 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 24 маусымда № 3894 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 5 мамырдағы № 56-333 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 05.05.2020 № 56-333 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 05 сәуірдегі "Кербұлақ ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 27 сәуірінде № 3790 тіркелген, аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінде 2016 жылдың 6 мамырында № 19 (3820) жарияланған) № 02-17 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің қосымшасының 1-тармағының 5) тармақшасы және 7-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "5) мемлекеттік корпорация - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;";
      "7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жүгінеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.".
      2. "Кербұлақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша А. Диханбаева) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихаттың "Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кербұлақ аудандық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы М.Айнабеков
      Кербұлақ аудандық
      мәслихатының хатшысы Б.Рысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады