"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кербұлақ аудандық мәслихатының "Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы" 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 47-271 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3494 тіркелген, 2015 жылдың 27 қазанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындауын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Ракимбекова Гулмира Абдигалиевнаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кербұлақ аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Ж. Жумажанов |
Кербұлақ аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Рысбеков |