"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Көксу ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Көксу ауданы мәслихатының "Көксу ауданы мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 3 наурыздағы № 14-10 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4179 тіркелген, 2017 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Көксу ауданы мәслихаты аппаратының басшысы Кожабергенов Айдар Кожабековичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Көксу ауданы мәслихатының | |
сессия төрағасы | О. Нуртаев |
Көксу ауданы мәслихатының | |
хатшысы | А. Досымбеков |