Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Панфилов аудандық мәслихатының 25.12.2023 № 8-14-68 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Панфилов аудандық мәслихатының "Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 23 ақпандағы № 6-30-196 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4538 тіркелген, 2018 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Панфилов ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 1) және 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
"1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;";
"4) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.";
7-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
"1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 400 айлық есептік көрсеткіш;";
"5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш;";
7-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар – 5 айлық есептік көрсеткіш.";
7-тармақтың үшінші абзацтың 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
"3) осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшасын есептемегенде, облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.";
11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік саясат, спорт және жастар ісі жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Панфилов аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | М. Ажибеков |
Панфилов аудандық мәслихатының | |
хатшысы | Е. Шокпаров |