Панфилов аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 6-2-12 "Панфилов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 6-71-408 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 16 шілдеде № 5560 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Панфилов аудандық мәслихатының "Панфилов ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 01 сәуірдегі № 6-2-12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3810 тіркелген, 2016 жылдың 16 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Заңдылық, азаматтардың құқығын, қоршаған ортаны қорғау, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Панфилов аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Б. Сабырбаев
      Панфилов аудандық мәслихатының
      хатшысы Е. Шокпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады