Жаркент қаласының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 10 тамыздағы № 6-73-413 шешімі және Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 334 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 19 тамызда № 5611 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Жаркент қаласы халқының пікірін ескере отырып, 2019 жылғы 08 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаркент қаласының "№ 33" көшесі "Нұрғали Жылқышиев" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Панфилов аудандық маслихатының шешімі мен Панфилов ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Панфилов аудандық маслихатының "Заңдылық, азаматтардың құқығын, қоршаған ортаны қорғау, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен шешім және қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Панфилов ауданының әкімі Т. Умралиев
      Панфилов аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Б. Сабырбаев
      Панфилов аудандық мәслихатының
      хатшысы Е. Шокпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады