"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Белбұлақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 8 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Талғар ауданының Белбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Белбұлақ ауылдық округінің жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Белбұлақ ауылында "Ақжар", "Ақжібек", "Ақкент", "Ақсарай", "Ақтерек", "Аманжол", "Алтынкөл", "Аякөз", "Асқартау", "Арман", "Байқоныс", "Балауса", "Бақдәулет", "Мерей", "Достық", "Жаркент", "Жас дәурен", "Жерұйық", "Жігер", "Кемер", "Көгжар", "Көксай";
Бірлік ауылында "Маралды", "Мерген", "Рауан", "Сұңқар", "Хантәңірі";
Талдыбұлақ ауылында "Көктем", "Қағанат", "Қайнар", "Қарақат", "Қарқаралы", "Құлагер", "Маралды", "Мұзарт", "Мұхит", "Мыңбұлақ", "Сабыр", "Дәстүр", "Самал", "Самұрық", "Сәйгүлік", "Сұңқарлы", "Сырғалы", "Тайқазан", "Таң самалы", "Тәуелсіздік", "Сауран", "Ұлытау", "Ақмешіт", "Бурабай", "Жетісу", "Жайық", "Ертіс", "Оқжетпес", "Сайрам", "Тарбағатай", "Шыңғыстау", "Хантау", "Жас Қыран", "Жиделі", "Жолашар", "Күншуақ".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Белбұлақ ауылдық округі әкім орынбасарының міндетін уақытша атқарушы Г.Амирхановаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | А. Касымбаев |