"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Кеңдала ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 8 қазандағы қорытындысы негізінде, Талғар ауданының Кеңдала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кеңдала ауылдық округінің Кеңдала, Еңбекші, Ақдала ауылдарындағы жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Кеңдала ауылында "Мерей", "Алға", "Кемел", "Ырысты", "Дарын", "Ұлан", "Атамекен", "Жалын", "Талапты", "Арна", "Қазына";
Еңбекші ауылында "Бейбітшілік", "Ақжар";
Ақдала ауылында "Самал", "Алғабас", "Қанағат".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аким Кендалинского сельского | |
округа Талгарского района | А. Умирзаков |