Бахар ауылдық округінің Бахар ауылындағы жаңа көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Ұйғыр ауданы Бахар ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 06-11 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 4 маусымда № 5533 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бахар ауылдық округінің Бахар ауылы халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 24 желтоқсандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Бахар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бахар ауылдық округінің Бахар ауылындағы жаңа көшелерге келесі атаулар берілсін:

      оңтүстігінде орналасқан үшінші көшеге "Ақдала", төртінші көшеге "Хантау";

      оңтүстік-батысында орналасқан бесінші көшеге "Гуппа Абдыманапов", жетінші көшеге "Ата мұра", сегізінші көшеге "Шаңырақ".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бахар ауылдық оругінің әкімі Ж. ЖАҚСЫЛЫҚ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады