"Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 76 тіркелген, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шымкент қаласының мәслихаты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімі мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтезбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы | |
мәслихаты сессиясының төрағасы | Н. Жанабаев |
Шымкент қаласы | |
мәслихатының хатшысы | Г. Ташкараев |
Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 60/522-6с шешіміне қосымша |
|
Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 58/506-6с шешіміне қосымша |
Шымкент қаласының әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесі
№ | Маршруттың нөмірі | Қатынастар |
1 | 10 | "Нұртас" шағынауданы – "Новинка" дүкені |
2 | 16 | "Шаңырақ" шағынауданы – "Тұрсынбаев" көшесі |
3 | 21 | "Құрсай" шағынауданы – "Айқап" шағынауданы |
4 | 23 | "Құртаев" көшесі – "Орман шаруашылығы" шағынауданы |
5 | 45 | "Достық" шағынауданы – "Теміржол вокзалы" аялдамасы |
6 | 55 | "Ыңтымақ" шағынауданы – "Ордабасы" алаңы – "Жоғарғы базар" аялдамасы |
7 | 96 | "Қазығұрт" шағынауданы (Талдыкөл) – "Азат" шағынауданы |
8 | 108 | "Ордабасы" алаңы – "Шымкент Сити" шағынауданы |
9 | 113 | "Мамандырылған база" аялдамасы – "Нұрсат 3" шағынауданы |
10 | 133 | "Алаш" базар – "Оңтүстік" шағынауданы |
11 | 138 | "Шикізат базасы" аялдамасы – "Тұрлан" шағынауданы (саяжай) |
12 | 139 | "Ордабасы" алаңы – "Сайрам" шағынауданы |
13 | 141 | "Қазығұрт" шағынауданы (кірпіш зауыты) – "Мирас" шағынауданы |
14 | 142 | "Текесу" шағынауданы – "Ордабасы" алаңы |
15 | 143 | "Бадам-2" шағынауданы – "Радуга" дүкені |
16 | 144 | "Теміржол вокзалы" аялдамасы – "Айнатас" шағынауданы, "Елтай" шағынауданы, "Жыланбұзған" шағынауданы |
17 | 146 | "Жаңаталап" шағынауданы, "Көкбұлақ" шағынауданы, "Алтынтөбе" шағынауданы – "Ақжайық" шағынауданы |
18 | 147 | "Нұртас" шағынауданы – "Ақжар" шағынауданы, "Ақтас" шағынауданы |
19 | 148 | "Шапырашты" шағынауданы, "Өтеміс" шағынауданы – "Ақбар" базары |
20 | 149 | "Қайнар бұлақ" шағынауданы- "Асар 2" шағынауданы – "Достық 2" шағынауданы – "Жеңіс" саябағы |
21 | 150 | "Достық" шағынауданы, "Асар" шағынауданы – "Теміржол вокзалы" аялдамасы |
22 | 152 | "Алаш" базары – "Фосфор" ауруханасы |
23 | 153 | "Оңтүстік" шағынауданы – "Қорғасын" шағынауданы |
24 | 158 | "Самал" шағынауданы– "18 шағынауданы" аялдамасы – "Орталық емхана" аялдамасы (айналым бойынша) |
25 | 171 | "Бозарық" шағынауданы– "Тұран" шағынауданы – "Алаш" базары – "Теміржол вокзалы" аялдамасы |
26 | 180 | "Көкбұлақ" шағынауданы, "Жаңаталап" шағынауданы – "Кірпіш зауыты" аялдамасы |
27 | 182 | "Мешіт" аялдамасы – "Азат" шағынауданы |
28 | 191 | "Самал 3" шағынауданы (№87 мектеп) – "Оңтүстік" шағынауданы |