"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:
1) шарттар:
мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;
бағалы қағаздардың түрі – Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған іс – шараларын қаржыландыру үшін ішкі нарықта айналысқа жіберу үшін республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы орган шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;
2) көлемі – 32 690 000 000 (отыз екі миллиард алты жүз тоқсан миллион) теңгеден артық емес;
3) нысаналы мақсаты – Жұмыспен қамту жол картасының төтенше жағдай қолданылатын кезеңде айқындалған іс – шараларын қаржыландыру.
2. "Шымкент қаласының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. "Шымкент қаласының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерізімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е.Садырға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
қала әкімі | М. Айтенов |