"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/369-6с шешiмiне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 64/559-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 мамырда № 102 болып тіркелді. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 14/123-VIII шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы мәслихатының 19.03.2024 № 14/123-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/369-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Шымкент қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмек көрсету және оның мөлшерін белгілеу қағидаларындағы:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бір реттік ақшалай төлемдер түріндегі әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына берiледi:

      1) 22 наурызда (Наурыз мейрамы) – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - 20 АЕК;

      2) 7 мамыр (Отан қорғаушы күніне) – жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлерге, 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға - 36 АЕК.";

      10-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мерекелі және айтулы күндерге ҰОС қатысушылары мен мүгедектерiне – 360 АЕК;";

      10-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. "Шымкент қаласы мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесі Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Р. Бектурганов
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады