"Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу және "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 102 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 263 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 381 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 маусымда № 112 болып тіркелді. Күші жойылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 тамыздағы № 780 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 18.08.2021 № 780 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17-3) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу және "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 102 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 263 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1, 2, 3 қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Н. Ергешбекке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі М. Айтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "19" маусымдағы
№ 381 қаулысына 1-қосымша
  Шымкент қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "28" наурыздағы
№ 263 қаулысымен бекітілді

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Шымкент құс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

320

1

3

2.

"Стандарт Цемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

835

1

8

3.

"Шымкент сыра қайнату зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

518

1

5

4.

"ЮНИКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

295

1

3

5.

"Шымкентцемент" акционерлік қоғамы

297

1

3

6.

"Шымкентмай" акционерлік қоғамы

640

1

6


Барлығы:

2905


28


  Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "19" маусымдағы
№ 381 қаулысына 2-қосымша
  Шымкент қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "28" наурыздағы
№ 263 қаулысымен бекітілді

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Назар-Текстиль" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

139

1

1

2.

"TAU-PRODUCT" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

118

1

1

3.

"Шымкентцемент" акционерлік қоғамы

297

1

3


Барлығы:

554


5


  Шымкент қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "19" маусымдағы
№ 381 қаулысына 3-қосымша
  Шымкент қаласы әкімдігінің
2019 жылғы "28" наурыздағы
№ 263 қаулысымен бекітілді

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік санының)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Шымкент сыра қайнату зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

518

1

5

2.

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Ана мен бала" оңалту орталығы

168

1

2

3.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Мамандырылған бөбектер үйі"

160

1

2


Барлығы:

846


9


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады