"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік Кодексінің 117-бабының 1-тармағына және "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2020 жылға арналаған шекті мәндері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамызы № 529 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2020 жылға арналған шекті мәндері
№ | Тауарлар атауы | Бірінші тоқсан | Екінші тоқсан | Үшінші тоқсан | Төртінші тоқсан |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), кг | 345 тг | 361 тг | 391 тг | 347 тг |
2. | Бірінші сортты бидай ұны, кг | 146 тг | 147 тг | 147 тг | 157 тг |
3. | Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), кг | 304 тг | 299 тг | 328 тг | 375 тг |
4. | Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), кг | 149 тг | 145 тг | 148 тг | 146 тг |
5. | Рожки (өлшеніп салынатын) | 277 тг | 272 тг | 268 тг | 275 тг |
6. | Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), кг | 1912 тг | 1948 тг | 2022 тг | 1949 тг |
7. | Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), кг | 819 тг | 808 тг | 844 тг | 865 тг |
8. | Пастерленген сүт, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада, л | 235 тг | 235 тг | 232 тг | 240 тг |
9. | Майлылығы 2,5 % айран, жұмсақ қаптамада, л | 259 тг | 252 тг | 251 тг | 255 тг |
10. | Сүзбе: майлылығы 5-9 %, кг | 1939 тг | 1868 тг | 1869 тг | 1948 тг |
11. | Тауық жұмыртқасы (I санатты), 10 дана | 281 тг | 276 тг | 314 тг | 319 тг |
12. | Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 % толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), кг | 2360 тг | 2173 тг | 2224 тг | 2287 тг |
13. | Күнбағыс майы, л | 428 тг | 427 тг | 427 тг | 434 тг |
14. | Ақ қауданды қырыққабат, кг | 138 тг | 107 тг | 91 тг | 102 тг |
15. | Басты пияз, кг | 98 тг | 114 тг | 62 тг | 72 тг |
16. | Асханалық сәбіз, кг | 100 тг | 120 тг | 89 тг | 80 тг |
17. | Картоп, кг | 112 тг | 111 тг | 75 тг | 99 тг |
18. | Ақ қант - құмшекер, кг | 180 тг | 194 тг | 170 тг | 164 тг |
19. | Ас тұзы ("Экстра" -дан басқа), кг | 49 тг | 50 тг | 50 тг | 51 тг |