Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Шымкент қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүруді ұсыну туралы

Жаңартылған

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 72/674-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 желтоқсанда № 150 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Бюджет қаражаты есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – ЖТМҚ) және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Шымкент қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына елді мекеннен тысқары жерлерге тегін жол жүру ұсынылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Денсаулық сақтау басқармасы) ЖТМҚ комиссиясының шешімі ЖТМҚ-ны стационарлық, стационарды алмастыратын және консультативтік-диагностикалық көмек нысанында алу үшін негіз болып табылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Жол жүру құнын төлеу, денсаулық сақтау ұйымынан шығарылған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірмей Денсаулық сақтау басқармасына ұсынылған мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылсын:

      1) ЖСН, тұрғылықты мекенжайы және ақша қаражатын аудару үшін банктің деректемелері көрсетілген еркін нысандағы өтініш;

      2) жеке куәліктің және (немесе) туу туралы куәліктің көшірмесі;

      3) емделуге жолдаманың көшірмесі;

      4) науқасты алып жүру қажеттілігі туралы медициналық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының қорытындысы (бұдан әрі - ДКК);

      5) стационарлық науқастың медициналық картасынан үзіндінің көшірмесі;

      6) науқастың және (немесе) оны алып жүретін адамның атына ресімделген жол жүру фактісін растайтын жол жүру билеттері, ал олар жоғалған жағдайда емделу орнына дейін және кері қарай жол жүру құнын растайтын анықтамалар.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Науқасқа және оны ертіп жүретін тұлғаға (тек науқасты ертіп жүрген жағдайда) емделу орнына және тұрғылықты жеріне кері қарай жол жүруінің мынадай шығыстары өтелсін:

      темiржолмен жүрген кезде – купе вагонының тарифі бойынша;

      су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Науқасқа және оны ертіп жүретін тұлғаға (тек науқасты ертіп жүрген жағдайда, бір адамнан көп емес) емделу орнына және тұрғылықты жеріне кері қарай ДКК қорытындысында рұқсат етілген кезде, әуе көлiгiмен жол жүрген кезде шығыстары экономикалық класс тарифі бойынша келесі диагноздарда өтелсін:

      1) 5-сатысындағы бүйректің созылмалы ауруы; перитонеалдық диализ;

      2) 3, 4-сатылардағы қатерлі ісіктер.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Жол жүру құнын төлеу Денсаулық сақтау басқармасымен науқастардың және (немесе) оларды ертіп жүретін тұлғаның банктік карт-шоттарына аудару арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шымкент қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 4/43-VIII шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/390-6с "Шымкент қаласының тұрғындарына елді мекеннен тыс жерлерде емделуге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруін ұсыну туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33 болып тіркелген, 2019 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      8. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      9. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрағасы Е. Дарменов
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады