Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 150 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 шілдеде № 4666 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы №87 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3856 болып тіркелген, 2018 жылдың 21 маусымында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) "Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 87 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 шілдедегі №147 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4275 болып тіркелген, 2019 жылдың 16 шілдеде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады