"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4509 болып тіркелген, 2020 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Нығмашевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы "__" __________ №____ қаулысына 1-қосымша |
2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері (жергілікті бюджет қаражаты есебінен)
№ | Субсидиялау бағыты | Субсидия көлемі (бас, тонна миллион дана) | Субсидия соммасы, мың теңге |
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||
1) | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | 7 000 | 70 000 |
2) | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 300 | 4 500 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | 1 500 | 150 000 |
3. | Отандық ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | 220 | 33 000 |
4. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 50 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарына өткізілген немесе орны ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | 300 | 60 000 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||
1. | Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | 100 | 40 000 |
2. | Сүт өндіру құнын арзандату | ||
1) | Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық | 1 000 | 45 000 |
2) | Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 844,1 | 16 881,787 |
3) | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 625 | 12 500 |
3. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | 5091 | 25 455 |
Қой шаруашылығы | |||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||
1) | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | 100 000 | 400 000 |
2) | Қойлардың тауарлық аналық басы | 208 000 | 520 000 |
2. | Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу | 1 200 | 18 000 |
3. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 5000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарына өткізілген қошқарлардың құнын арзандату | 5 707 | 17 121 |
4. | Шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді субсидиялау | 75 000 | 112 500 |
Шошқа шаруашылығы | |||
1. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | 1500 | 60 000 |
Қосымша қаражат есебінен: | |||
1. | Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | 3 800 | 19 000 |
2. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | 100 | 6 000 |
Мақұлданған өтінімдер бойынша: | |||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||
1) | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | 71 070 | 710 700 |
2) | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 12 750 | 255 000 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | 890 | 89 000 |
3. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | 2 667 | 400 050 |
4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | 3 300 | 742 500 |
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | 3354,6 | 670 917 |
6. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдары үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | 2501,7 | 500 329 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||
1. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | ||
1) | Отандық немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен әкелінген шетелдік | 300 | 45 000 |
2. | Сүт өндіру құнын арзандату | ||
1) | бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық | 1293,1 | 45 258,465 |
2) | бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 3195,05 | 31 950,45 |
3) | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 7996,8 | 79 967,84 |
3. | Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру қызметтерін субсидиялау | 3 909 | 19 545 |
4. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | 22 | 2 200 |
Етті құс шаруашылығы | |||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | 1985,906 | 119 154,36 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||
1. | Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу | 95 000 | 5 700 |
2. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | 14999,59 | 32 999,098 |
Шошқа шаруашылығы | |||
1. | Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу | 750 | 30 000 |
Қой шаруашылығы | |||
1. | Қозы өткізу құнын арзандату | 27 014 | 81 042 |
Жылқы шаруашылығы | |||
1. | Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу | 48 | 4 800 |
2. | Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату | 250 | 15 000 |
Жиыны: | 5 491 071 |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы "__" __________ №____ қаулысына 2-қосымша |
2020 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері (республикалық бюджет қаражаты есебінен)
№ | Субсидиялау бағыты | Субсидия көлемі (бас, тонна миллион дана) | Субсидия соммасы, мың теңге |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||
1. | Сүт өндіру құнын арзандату | ||
1) | бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 1156 | 23 118,42 |
Етті құс шаруашылығы | |||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | 1 600 | 96 000 |
Қой шаруашылығы | |||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||
1) | Қойлардың асыл тұқымды аналық басы | 77 500 | 310 000 |
2) | Қойлардың тауарлық аналық басы | 132 000 | 330 000 |
2. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 5000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарына өткізілген қошқарлардың құнын арзандату | 10 407 | 31 221 |
Мақұлданған өтінімдер бойынша: | |||
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы | |||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||
1) | Ірі қара малдың тауарлық аналық басы | 10 000 | 100 000 |
2) | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы | 8 000 | 160 000 |
2. | Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу | 360 | 36 000 |
3. | Отандық асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | 1 000 | 150 000 |
4. | Шетелдік асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу | 900 | 202 500 |
5. | Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген немесе ауыстырылған бұқашықтардың құнын арзандату | 645,25 | 129 050 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||
1. | Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу | ||
1) | Отандық немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен әкелінген шетелдік | 400 | 60 000 |
2. | Сүт өндіру құнын арзандату | ||
1) | бағымдағы аналық бас саны 600 бастан басталатын шаруашылық | 1279 | 44 763,32 |
2) | бағымдағы аналық бас саны 50 бастан басталатын шаруашылық | 3113 | 31 130,43 |
3) | Ауыл шаруашылығы кооперативі | 7 000,1 | 70 000,59 |
Етті құс шаруашылығы | |||
1. | Құс етін өндіру құнын арзандату | 1403,3 | 84 195,24 |
Қой шаруашылығы | |||
1. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | 9 974 | 79 792 |
2. | Қозы өткізу құнын арзандату | 20 743 | 62 229 |
Жиыны: | 2 000 000 |