"Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 7 қазандағы № 5-8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 қазандағы № 50-10 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қазанда № 4769 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 7 қазандағы № 5-8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3198 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл облыстық
      маслихатының сессия төрағасы А. Джумабаев
      Жамбыл облыстық
      мәслихатының хатшысы Б. Карашолаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады