"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 - 2021 оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 149 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4667 болып тіркелген, 2020 жылдың 7 шілдесінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 29 қазандағы № 250 қаулысына қосымша |
|
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 шілдедегі № 149 қаулысына 2 қосымша |
2020-2021 оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)
№ | Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін (Резидентура) | Барлығы | Оқу жылы ішінде 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) | ||
Ұлттық жоғары оқу орындарында | |||||
1 | 7R09 Денсаулық сақтау (медицина) | 7R091 Денсаулық сақтау | R017 "Анестезиология және реаниматология, оның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы" | 5 | 1200000 |
R018 Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (балалардың) | 3 | 1200000 | |||
R024 Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер) | 2 | 1200000 | |||
R031 "Неонатология" | 5 | 1200000 | |||
R032 "Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы" | 4 | 1200000 | |||
R037 Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы | 3 | 1200000 | |||
Барлығы | 22 |