"Тараз қаласында 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 4524 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 27 ақпандағы № 724 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 наурызда № 4515 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына және 62 бабының 6 тармағына сәйкес, Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тараз қаласында 2020 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" Тараз қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 4524 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4474 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылдың 30 желтоқсанында жарияланған) келесідей толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулының қосымшасы төмендегі мектепке дейінгі мемлекеттік жекешелік әріптестік негізіндегі ұйымдармен толықтырылсын:

мектепке дейінгі мемлекеттік жекешелік әріптестік негізіндегі ұйымдар

"Айзада РК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

100

29344

10000

"Damu-Taraz" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Do-Re-Mi" бөбекжай-бақшасы

85

29344

10000

      2. "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Тараз қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.Олжабайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қаласының әкімі А. Карабалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады