"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тараз қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қалалық | |
Мәслихаты сессиясының төрағасы | М. Смаилов |
Тараз қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Кулекеев |
Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 55-6 шешіміне қосымша |
Тараз қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған шешімдердің тізбесі
1. "Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрын үй көмегін көрсету Қағидаларын бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 11-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 12 желтоқсанда № 3252 болып тіркелген, электрондық түрде 2016 жылдың 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
2. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 24 мамырдағы № 31-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 6 маусымда № 3852 болып тіркелген, электрондық түрде 2018 жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
3. "Тараз қаласы бойынша біріңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 10 тамыздағы № 34-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 22 тамызда № 3930 болып тіркелген, электрондық түрде 2018 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).