"Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы № 19-12 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 65-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 4597 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 77-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 23.12.2020 № 77-11 (алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы №19-12 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3572 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 17 қарашасында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларының:

      5 тармақтың 1) тармақшасы мазмұндағы 1.7 абзацпен толықтырылсын:

      1.7. 9 мамырға – Жеңіс күні 75 жыл толуына байланысты атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмекке қосымша біржолғы әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 700 000 (жеті жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 70 000 (жетпіс мың) теңге көлемінде, Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 85 000 (жетпіс мың) теңге көлемінде, 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге 85 000 (жетпіс мың) теңге көлемінде көрсетілсін.

      1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 85 000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде, 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасына 85 000 (жетпіс мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.

      Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 70 000 (жетпіс мың) мың) теңге мөлшерінде.

      6 тармақта:

      3) тармақшасындағы:

      "60" саны"70" санымен ауыстырылсын;

      6 тармақ 4) тармақшамен толықтырылсын:

      ең төменгі күнкөріс деңгейінің 5 (бес) еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) инфекциясы бар кәмелетке толмаған балаларға Республикадағы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңмен бекітілген ең төменгі күн көріс деңгейінің 2 (екі) еселік мөлшерінде, мерзімді (ай сайын, 12 ай бойында) әлеуметтік көмек көрсетіледі. Әлеуметтік көмек өтінішпен жүгінген айдан бастап тиісті медициналық ұйымдардың анықтамасы негізінде тағайындалады.

      7 тармақта:

      3) тармақшасындағы:

      "60" саны"70" санымен ауыстырылсын;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақ аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы С. Молдабеков
      Байзақ аудандық
      мәслихат хатшысы Н. Тлепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады