"Жуалы аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-15 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 71-4 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қыркүйекте № 4744 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жуалы аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-15 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3273 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электронды түрдегі Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және интернет – ресурстарында жариялауды Жуалы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Абдыкеримова Чинаркуль Абдыразаковнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жуалы аудандық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Р. Сайлаубаев
      Жуалы аудандық
      мәслихат хатшысы Е. Тлеубеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады